Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жаңа экономикалық модельге көшу керегін мәлімдеді. Қыркүйекте жарияланатын Жолдауында Тоқаев елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отыр. Президент ел экономистерін не үшін сынға алды? Экономикалық реформа деген не? Massaget.kz тілшісі экономист мамандардың пікірін білді.
Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов Президенттің сөзі жеке сектордағы экономистерге қатысы жоғын айтады.
"Президент үкіметтің экономкалық блогын "отандық экономистер" деп атайды және оның сол блоктар ұсынатын идеяларға көңілінің толмауы, Құдай қаласа, Жолдауда көптеген түбегейлі жақсы реформалар болады деген сөз. Кейбіреулер кадрлық өзгерістер болатынын да айтады. Көрейік, аз ғана уақыт қалды", - дейді экономист.
Олжас Құдайбергеновтің сөзінше, Үкіметтің экономикалық блогына Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия, Сауда, Энергетика және Еңбек министрліктері кіретінін айтты. Құдайбергенов реформа қайдан шығатынын бірнеше мысал арқылы түсіндіріп берді.
"Операциялық дүниелердің көп болғаны соншалық, егер шұғыл проблеманы шешу керек болса, стратегиялық жоспарлар үшін уақыт қалмайды. "Тұрмыс жеп қояды". Ол үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Агенттік стратегиялық жоспарлаумен айналысуы керек. Бірақ 2022 жылдың қаңтарына дейін Назарбаев ол жерге Келімбетовті ұсынып, "қазір реформа керек емес, біртіндеп даму керек" деген еді. Келімбетов агенттіктегі қызметкерлер санын 120-дан 28-ге дейін қысқартып тастады, оның ішінде әкімшілік қызметкерлер де бар. Салдарынан агенттік тек министрліктер әзірлеген стратегиялық құжаттарды мақұлдап отырған паразиттік мекемеге айналды.
2022 жылы қаңтарда Келімбетовтің орнына келген Әсет Ерғалиевке қызметкерлер санын 80-ге жеткізуге және паразитизмді конструктив түрде пайдалы болу үшін бір жыл уақыт қажет болды. Премьер агенттікке "қызғанышпен" қарап, оның қызметін бұғаттап, жаңа бюджетін ұзақ уақыт бойы мақұлдамай жүріп алды. Бірақ бұл басы ғана - шын мәнінде премьер агенттіктің кез келген бастамасын елемей тастайды. Агенттік қызметкер санын қайтадан 120-ға жеткізіп, стратегиялық құжаттарды әзірлеуде барлық мемлекеттік орган алдында басымдық беріп, егер 3 жыл ішінде стратфункционалды көрсеткіштердің орындалуына көңіл толмаса, мемлекеттік органның немесе ірі мемлекеттік компанияның басшысын жұмыстан шығаруға өкілдік ету құқығын беру керек", - дейді Олжас Құдайбергенов.
Сонымен қатар, экономист премьер басқаша деп есептейтіндіктен өз бастамаларын жүзеге асыра алмайтын министрлер барын айтады.
"Шын мәнінде, министрлер жігерсіз, департамент директоры позициясына өтіп кеткен, себебі премьердің келіскенін күту керек. Әрине, келісімін алу керек, бірақ тәуелсіз де бола білу керек", - дейді маман.
Құдайбергеновтің сөзінше, реформа жасаудың тағы бір себебі - қалыптасқан бастамасыздық мәдениеті.(...)
"Сондықтан экономикадағы түбегейлі реформалармен қатар мемлекеттік басқарудың түбегейлі реформасы қажет", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!