Дәрігерлер тісті күніне кем дегенде 2 рет тазалау керек дейді. Бірақ кейбір адамдар ауыз қуысына күтімді күніне бір рет қана жасайды. Сондықтан тісіңіздің күтімі нашарлауы мүмкін. Тісті күніне бір рет қана тазалаудың салдары қандай болатынын тіс дәрігері, ортодонт Айдос Нұртайұлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауыз қуысының гигиенасын сақтау үшін күніне бір рет қана тазалау жеткіліксіз. Тіс 4-тен 12 сағатқа дейін тазаланбаса бетінде қақ пайда болады. Бактериялар тісте неғұрлым ұзақ тұрса, соғұрлым олар түрлі мәселе тудыруы мүмкін. Маманның айтуынша, тісті таңертең және түнде ұйықтар алдында тазалаған дұрыс.
"Тісті аз тазалау салдары тісте қақ пен тастың пайда болуына, қызыл иектің қабынуына әкеліп соғады", - дейді Айдос Нұртайұлы.
Сонымен қатар, ауыз қуысында ас қорыту процесіне қатысатын бактериялар бар. 6-8 сағат ішінде тіс көмірсумен қоректеніп, қышқыл бөлетін бактериялық қақпен жабылады. Егер тісіңізді тазаламасаңыз, қышқыл тістің қабығын коррозияға әкеліп, байланыс қабатын бөледі, салдарынан тістің бетінде ақ дақ пайда болады. Яғни тістің кальций қабаты бұзылады.
Сілекей бактериялардың кальцинациясына ықпал ететіндіктен, 12-24 сағат ішінде тазаланбаған қақ минералданады. Бұл төменгі жақтың ішкі жағынан, яғни алдыңғы алты тістен көрінеді. Оған қоса, төменгі жаққа сілекей түтіктері жақын орналасқандықтан, бұл аймақта тіс тасы көбірек пайда болады. Оларды маман тек арнайы процедура арқылы ала алады.
Тіс дәрігері тіс тазалаудың дұрыс техникасымен бөлісті:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!