ЦСКА бас бапкері Зайнутдиновтың "Бешикташқа" ауысуының егжей-тегжейін айтты

Мәскеулік ЦСКА клубының бас бапкері Владимир Федотов "Матч ТВ" арнасында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың түркиялық "Бешикташқа" ауысуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мұндай футболшылармен қоштасу оңайға соқпайды. Керемет адам, керемет футболшы, бірақ бұл футболдың заңдылығы. Бұл Бахтиер үшін жаңа сынақ. Ол өзін басқа чемпионатта сынап көруді жоспарлаған. Біз кездесуге бардық. Тек бірнеше мәселелер туындап, оның ауысымына сәл кешігіп келдік", - деді Федотов Матч ТВ-ға берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Зайнутдинов Ыстамбұлға "Бешикташпен"келісімшартқа қол қою үшін келген болатын. Кездесулердің алдында ол өзінің болашақ клубының футболкасын киіп жүргені белгілі болды.

Қазақстандықтың Мәскеулік ЦСКА-дан ауысуы Ыстамбұл клубына бір маусымда шамамен 1,2 миллион еуро жалақымен есептегенде 4,5 миллион еуро шығын әкеледі. Келісім төрт жылға жасалады деп күтілуде

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!