Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописы Бабур Рахманкулов балалардың тамағына, тыныс алу жолдарына бөгде зат түсіп кететін оқиға соңғы кезде жиі болып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, балалардың өкпесінен, тыныс алу жолынан және асқазанынан түрлі бөгде заттар алынып жатады. Тіпті мұның ішінде стоматологиялық ине де бар екен.
"Бізге тіс дәрігерінің айтуы бойынша тістің жүйкесін алып жатқан кезде бала оның қолын тістеп алған. Сол кезде байқаусызда стоматолог инені жіберіп қойған. Сол кезде ол баланың тыныс алу жолына өтіп кеткен. Наркозбен баланың өкпесіне зақым келтірмей, инені шығарып бергенбіз", - дейді дәрігер.
Дәрігерлер мұндай оқыс жағдай болса, бірден медициналық мекемеге жүгіну қажет екенін айтты, сонымен қатар, мамандар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!