- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тіске байланысты мәселелер...
Тіске байланысты мәселелер тұқым қуа ма? Дәрігер жауап берді
Тістің кейбір ерекшелігіне генетиканың әсері бар. Бұл туралы хирург-имплантолог, ортопед, Магомед Дахкилгов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.
Дахкилгов ата-анадан балаға тістеуге қатысты кемшіліктер берілетінін жеткізді. Сондай-ақ, маманның айтуынша, тіс кіреукесінің қалыңдығы мен тығыздығы, тіс кіреукесінің астында жатқан дақтар, тістің пішіні мен ұзындығы, сілекей құрамы және ауыз қуысының микрофлорасы, жақтың мөлшері, тістің жарылу уақыты генетикалық түрде анықталған.
"Генетикалық факторлар тіс кіреукесінің қалыңдығы мен сапасына әсер ететіндіктен, тіс-жақ жүйесінің басқа тіндері сияқты, олар да тіс аурының, периодонтиттің, пародонт ауруының дамуында да маңызды роль атқарады. Бұл аурулардың негізгі себебі ауыз қуысының гигиенасы саналады", - деп ескертті ол.
Сонымен қатар, маман дәрігер тіс кіреукесі неғұрлым қалың және тығыз болса, тіс жегісінің қаупі соғұрлым төмен болатынын айтты.
Дәрігер бұдан бөлек те факторлар тіс саулығына тікелей әсер ететінін жеткізді.
"Тіс-жақ жүйесінің көптеген факторына өмір салты, тамақтану, жаман әдеттер болуы (мысалы, саусақты, қаламды тістеу, шемішке шағу), балалық шақта емізіктен тым ұзақ уақыт шықпау, сапалы гигиенаның болмауы әсер етеді", - деді имплантолог.
Сондай-ақ, тістің күйіне дәрі-дәрмек, дәрумен, қоректік заттар жетіспеушілігі, темекі шегу және ішімдік әсер етеді екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова