Цифрлық қолтаңбаны өзара тану, ғарыш саласын бірлесе игеру: Тоқаев түркі мемлекеттері басшыларына үн қатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды.

"Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрон құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн. Екінші мәселе: ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады. Мысалы, CubeSat-12U ғылыми спутнигін іске қосудың маңызын атап өтуге болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз