Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Фото: ЖИ

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажет шараларды қабылдасын. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктелсін. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған жарлық мәтінінде.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget