Танымал әнші Тамара Асар екінші күйеуі Жұмашпен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Оған бір көргеннен таңдауы маған түскеніне рақмет айтамын. Біз Шымкенттегі әуежайда алғаш көрістік. Ол қасымнан өтіп бара жатып, "мынау қандай әдемі келіншек, мен соған үйленемін" деді. Әнші екенімді де білген жоқ. VIP залда отырған барлық адам оған қарап күлді. Ол қазақша білмегендіктен, бәрі оған "ол Тамара Асар ғой" деді. Жұбайым "ол кім?" деді. Сол жерде менің телефон нөмірімді алып, жеті күннен кейін қолыма сақина салды", - дейді өнер иесі.
Әншінің айтуынша, алғаш танысқанда күйеуі өзін темір дәнекершісімін деп айтқан. Ол жұбайының өндірісі бар екенін білмеген. Бір күні цехқа тамақ апарып жүргенде ғана қызметкерлердің бірі жұбайының бастық екенін, сол цехтің негізін қалаушы екенін айтқан.
"Менің бұл шешімді қабылдауыма әкем тікелей әсер етті. Жұбайымды вдеоқоңырау арқылы көрсетіп едім. Ол басын изеді де "бұл жігіт терең білімді. Басы Сократтың басындай. Қателесіп тұрған жоқпын, осы - сенің адамың", - деді әнші.
Тамара Асардың айтуынша, жұбайы әншіге 7 күннен соң сақина салып, екі айдан кейін құда жіберіп, барлық жоралғысымен ұзатып алған. Ерлі-зайыпты арасында ешқандай кездесу, гүл беру деген болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!