Тіс тазалау кезінде ауыз қуысының қатерлі ісігін көрсететін белгі

Дәрігерлер ауыз қуысының қатерлі ісігінің саны артқанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Express-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық ауыз қуысының денсаулығы қорының мәліметінше, мамандар жыл сайын елде қатерлі ісіктің 10,8 мың жаңа жағдайын анықтайды. Бұл соңғы 2 онжылдықтағы орташа көрсеткіштен 133 пайызға көп.

Сарапшылардың сөзінше, тіс тазалау кезінде ауыз қуысын тексеру қатерлі ісіктің бұл түрін ерте анықтаудың негізгі әдісі.

Қор басшысы Найджел Картер аурудың негізгі қауіп факторы темекі шегу, алкоголь ішу және адам папиллома вирусы екенін алға тартты.

Сонымен қатар сарапшылар ауыз қуысының қатерлі ісігінің алғашқы белгілеріне ауыздағы ақ немесе қызыл дақ, сондай-ақ түйіршіктер мен ісінулер, ауырсыну екенін түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін айнадан көруге болатын "ауыз қуысы" қатерлі ісігінің 6 белгісі туралы хабарланды.

Сізде қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!