Тіс салдырмай жүре берудің қаупі қандай?

Тіс салдырмай жүре берудің қаупі қандай?
Фото: pixabay

Көпшілік бала кезінде немесе есейе келе тісін жұлдырса да, орнына тіс салдыруға асықпайды. Алайда оның адам денсаулығына кері әсер ететін тұстары жетерлік. Massaget.kz тілшісі тіс дәрігері Айдос Әжібековпен сұхбаттасып, тіс салдырмаудың қандай қаупі барын сұрады.

Маманның айтуынша, ұзақ уақыт тіс салғызбай жүре беру салдарынан басқа тістердің орны қозғала береді. 

"Дер кезінде тіс салдырмаса, бәрі сол жаққа қарай қисайып ығысып кетуі, тістердің аралары ашылып кетуі мүмкін. Ал бұл болашақта тамақ жеуде қиындық тудырады немесе тамақ қалдықтары тұрып қала береді. Осылайша, тістем дұрыс болмайды. Көбіне төменгі тістер жоқ болса, жоғары тістер төмен қарай түсе бастайды", - деп түсіндірді маман.

Маман тіс салғанға дейінгі және тіс салынғаннан кейінгі суреттерді салыстырып, тістердің орналасу реті бойынша дәл ортасы әбден ығысып кетуі мүмкін екенін, сондықтан оған уақытылы көңіл бөлу қажет екенін айтады. 

 

Тіс дәрігері имплант салар кезде науқастар нені ескеру керегін айтты. 

"Тіс салар кезде қан сынамасын тапсыруы керек. Науқаста қан аурулары болса, бірінші емделуі қажет немесе сол саладағы мамандардың қарауына жіберіледі", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова