Абай облысында 9 жасар ұл зорланды. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады. "Не молчи" қорына жәбірленушінің әкесі шағымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысында 9 жасар бала әжесі ыдыс жуып жатқанда өз үйінде зорлық-зомбылық көрген. Әкесінің айтуынша, ұлын өгей әкесінің інісі зорлаған. Оқиға бала үйге телефонын қуаттауға кірген кезде болыпты. 46 жастағы күдікті баланың аузын жауып, үйдегілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермеген. Біреуге тіс жарса, өлтіретінін айтып қорқытқан.
Бала қарсыласқан, жарақаттар алып, денесі көгерген. Полиция күдіктіні сол күні тұтқындады, тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!