- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тіс емханасында үш...
Тіс емханасында үш жасар бала көз жұмған
Қырғызстанда стоматологиялық қабылдау кезінде қайтыс болған үш жасар қыздың өліміне қатысты тергеу барысында медициналық орталық директоры және анестезиолог жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ға сілтеме жасап.
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Әлімқадыр Бейшеналиевтің сөзінше, клиникалардың қызметі тоқтаған.
"Бұл медициналық орталықтар арасында келісім болған жоқ. "Дентомах" стоматологының ҚММА-да шартсыз клиникалық қызмет жүргізуге құқығы жоқ еді. Бұл - үлкен заңбұзушылық. Тексеру жалғасып жатыр", - деді Әлімқадыр Бейшеналиев.
Айта кетейік, қызға жалпы анестезия салынған, содан кейін ол қайтыс болған. Полиция қылмыстық іс қозғады, ал Денсаулық сақтау министрлігі комиссия құрды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова