- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- тіс емдеу туралы
Тіс емханасы сот шешімімен Орал тұрғынына 1,2 млн теңге төлейді
Орал тұрғыны жеке стоматологиялық клиникадан 1,2 миллион теңге өндіріп алатын болды. Ол көрсетілген сапасыз қызметтің кесірінен сотқа жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеке стоматологиялық емхана" ЖШС Орал қаласының тұрғынына жоғарғы тісін цирконий крондарымен протездеу, металл керамика, тіс пішіні мен түсін винирмен түзету бойынша қызмет көрсеткен.
Ол емханаға 700 мың теңге төлеген. Алайда қызмет сапасы төмен болып, емделуші Алматыдағы басқа емханаға баруға мәжбүр болған. Ал мұнда қызмет құны бәрін есепке алғанда 1,2 миллион теңгеден асып кеткен.
Орал тұрғыны Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне хабарласып, емхананың жұмыс сапасы төмен екенін айтқан.
Келтірілген материалдық шығынды өндіру үшін өңір тұрғыны сотқа жүгінген. Орал қаласының №2 соты істі қарады.
Сот ЖШС емханасынан 1,2 млн теңге материалдық және моральдық шығынды өндірді.
Шешім заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова