- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тіс дәрігері бір...
Тіс дәрігері бір бүйірмен ұйықтау қаупі туралы ескертті
Бір қалыпта, қозғалмай ұйықтау әдеті тіске әсер етеді. Бұл жағдайда ауыз қуысына төтенетін қауіп туралы Стоматологиялық медицина орталығының бас дәрігері Николай Ожерельев айтып берді, - деп хабарлайды TengriLifestyle.
Дәрігердің айтуынша, ішпен немесе бір бүйірмен аузыды ашып ұйықтау әдеті беттің бір жағына тұрақты қысым түсуіне әкелуі мүмкін.
"Сонымен қатар, жақ сүйектері бейтарап қалыптан ауытқып, ал тістер мен бүкіл шайнау жүйесі зақымданады. Уақыт өте келе мұндай қысым тістердің орналасуын және соның салдарынан бет пішінін де өзгертуі мүмкін", - деді маман.
Ожерельев қолды бетке төсеп ұйықтау да қауіпті екенін айтты. Бұл да тістерге түскен қысымнан тістеу жүйесін өзгертуге әкелуі мүмкін. Мұндай зардаптарды болдырмау үшін тіс дәрігері жақсы жастықты таңдауға кеңес береді. Мойын төсенішке параллель, ал жақ сүйектері босаңсуы керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан