Биылғы ауа-райы адамдарды әбден әбіргерге салды. Бірде жылып, бірде суыған күнде ауа-райына сәйкес киіну тым қиын. Сондықтан синоптиктердің болжамын үнемі бақылап отырған абзал. Оның үстіне қысқы аяз біздің денеміз үшін ауыр сынақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Жылы көрпе астында терезені ашып ұйықтау әрекетін көптеген адамдар пайдалы санайды. Алайда мамандар суық ауамен тыныс алу сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін екенін айтты. Өйткені ол тыныс алу жолдары инфекцияларының қаупін арттырады. Сонымен қатар, суық ауа тыныс алу жолдарын тарылтады, шығарылатын шырыштың мөлшерін арттырады. Тыныс алу қиындайды. Ал құрғақ аязды ауа тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, ысқырықты, жөтелді, ентігуді тудырады.
Кейде тіпті сау тістер де суық тағамға реакция беретін сәттерді байқадыңыз ба? Себебі төмен температура эмальға зиянын тигізеді. Өйткені, суықтан тістерде микрожарықтар пайда болады. Олардың құрамында тіс жегі мен қызыл иектің қабынуын тудыратын бактериялар бар. Сондықтан аязды ауаны ауыз арқылы жұтуға болмайды. Мұрынмен дем алып, аузыңызды орамалмен жабыңыз.
Суық - дененің инфекциялармен күресу қабілетіне әсер етеді. Йель университетінің (АҚШ) ғалымдары төмен температурада иммундық реакцияның баяулайтынын анықтады. Салдарынан вирус тезірек көбейеді. Ал қоршаған орта температурасы неғұрлым төмен болса, иммундық жүйе соғұрлым нашар күресе бастайды.
Қан суықта және біз ауырғанда қоюланады. Мұның барлығы ақыр соңында қан ұйығышының пайда болуына, содан кейін инсультке әкелуі мүмкін.Инсульт адам денесіндегі температураны күрт өзгертуге қауқарлы. Адам жылы бөлмеден бірден суыққа шыққан секілді әсер береді. Сондықтан, қан тамырларың суыққа үйреніп кетуі үшін далаға шықпас бұрын баспалдақта біраз тұрған дұрыс.
Қатты аяз жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын бұзуы мүмкін. Төмен температурада қан тамырлары тарылып, қан қалыңдайды. Осыған байланысты органдар мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды.
Егер сіз суықтан арқаңыз ауырады деп ойласаңыз қателесіз. Буындардағы синовиальды сұйықтық суықта қоюлана бастайды. Осыған байланысты буындардың өздері қатайып ауырады. Бұл жағдайда жарақат алу ықтималдығы айтарлықтай артады.
Күн суықта еркек органының мөлшері туралы әзілдер оның иесі үшін күлкілі болмауы тиіс. Өйткені дәрігерлерде "қысқы жыныс мүшесі" деген ұғым бар екен. Төмен температурада аяқ-қолдарға қан ағымы төмендейді және қолдар мен аяқтарға ғана емес, сонымен қатар жыныс мүшесі мен мойынға әсер етеді. Бұл еркек органын кішірейтеді. Алайда, ол өзінің қалыпты мекендеу ортасына оралған бойда бұрынғы өлшеміне тез оралады.
Көбінесе аяз мұрынға, құлаққа, шекеге, иекке, сондай-ақ саусақтар мен аяқ саусақтарына әсер етеді.
"Суық қан тамырларына әсер етеді. Олар тарылып, олар арқылы қан ағымы азаяды. Ал мүлде тоқтаса, терінің зақымдануы орын алады", - дейді мамандар
Айтпақшы, үсік тек қатты аязда ғана емес, сонымен қатар ауаның жоғары ылғалдылығымен және қатты суық желмен нөлдік температурада да болуы мүмкін. Үсік шалу қаупі физикалық шаршау, иммунитеттің төмендеуі, аштық, жүрек-қан тамырлары аурулары, аяқтың созылмалы қан тамырлары аурулары, сондай-ақ темекі шегу, алкоголь, тар киім мен аяқ киім кию сияқта себептерден орын алуы ықтимал.
Созылмалы аурулар асқынады
"Суық астма, аллергия, артрит, псориаз, қант диабеті және т.б. сияқты созылмалы ауруларды қоздырып, асқындырып жібереді. Сондықтан, қатты суықта, -25 градустан төмен температурада үйде болған дұрыс", - эндокринолог Ольга Павлова.
"Сыртта 15-20 минуттан артық болмаңыз. Әсіресе денеңіздің кез келген жерінде ыңғайсыздық, қалтырау, ұю, қышу немесе ауырсыну сезінсеңіз дереу ішке кіріңіз", - дейді дәрігерлер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!