Астаналық полицейлер тұрғынды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 желтоқсанда күндізгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері полиция капитаны Олжас Алтынбеков пен полиция майоры Нұрлан Бауыржанов патрульдеу кезінде, Тараз көшесі мен Жангелдин көшесінің қиылысында тротуарда жатқан ер адамды көрген.
Жағдайды бағалай отырып, капитан Алтынбеков ұстамасы басталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі. Дәрігерлер келгенге дейін полиция қызметкері көмек көрсетуді жалғастырып ер адамның тыныс алу жолдарына ауаның еркін жетуін қамтамасыз еткен.
Сөйтіп жедел жәрдем келгенге дейін полиция қызметкерлері зардап шеккен адамның жанында болған. Келген жедел жәрдем көлігімен 30 жастағы ер адам медициналық мекемеге жедел жөнелтілген.
Қолдан келген көмегін көрсеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары өздеріне бекітілген маршрут бойынша қызмет атқаруды жалғастыруға бағыт алған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!