Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде тренд жасап жүрген қоғамды сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қазір қоғамда танымал болып жатқан дубай шоколады мен жапон жүзімін жеп көрмегенін айтты.
"Мен әлі дубай шоколадының дәмін татпадым. Түрінен-ақ шошимын. Калориясы да көп екен. Бір танысым соның бір данасын 25 мың теңгеге сатып алып, видеоға түсіріп отырып жеді. Одан да Қазақстан шоколадының 35 данасын сатып алушы едім", - деп жазды ол желіде.
Айта кетейік, дәрігер дубай шоколадының денсаулыққа қалай әсер ететіні туралы айтқан болатын.
Меруерт Түсіпбаева дубай шоколады туралы ғана емес, хит болып жатқан шайн мускат жүзімі туралы да пікір білдірді.
"Жапон жүзімінің түрі-ақ ұнамаған еді. Осыларды жемесем де, көштен қалдым демеймін. Шүкір, тірімін ең бастысы. Осы біз еліктеуді қашан қоямыз екен?! Анау солай жасады, мен де қалмайын деп бәсекелесуге құмармыз. Трендтен қалғандар өзіміз отырып шай ішейік", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін трендке айналған жүзімнің зияны туралы жазған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!