Триатлоншылар "уланып қалды", түркиялық "киллер" жұрт аузында. Олимпиадада қызу талқыланған жайттар

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада кезінде қызу талқыланған бірнеше жағдай тіркелді. Massaget.kz тілшісі Олимпиададағы қызық, даулы оқиғаларға шолу жасады.

Сена өзенінде жүзген спортшылар "уланып қалды"

Бұған дейін Халықаралық триатлон одағы медициналық делегаттармен бірге Париждегі Сена өзенінен судың сынамасын алған еді, алайда олар нәтижеге риза болмаған. Ал Франция үкіметі Сена өзенін тазартуға 1,5 миллиард доллар жұмсаған.

frenchparis.ru

Дегенмен өзенде жүзіп өткен триатлоншылар денсаулығына байланысты шағымданған. Триатлоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Екатерина Шабалина да Париж Олимпиадасында стартты аяқтай алмады. БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, мұның себебі спортшының улануымен байланысты.

"Триатлон - байланыс спорты, төрешілерге жүзу кезінде "жекпе-жекті" қадағалау өте қиын. Басымнан бірнеше соққы алғаннан кейін Сенаның суына тұншығып қалдым, қалған уақыттың бәрінде лоқси бердім және велосипед кезеңінің бірінші айналымынан кейін құстым", - деді қазақстандық спортшы Sport24-ке берген сұхбатында.

Шабалинаның айтуынша, жарыс аяқталғаннан кейін дәрігерлерге тексеріліп, дәрі-дәрмек алған.

Спортты дамыту дирекциясы

Түркиялық "киллер" жұрт аузында

Түркиялық 51 жастағы мерген Юсуф Дикеч Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Спортшы бәсекелестерінен айтарлықтай ерекшеленді. Юсуф Дикеч арнайы линзасыз, құлақты қорғайтын құрылғысыз және бір қолын қалтасына салып тұрып жарысқа қатысты.

Нәтижесінде бұрынғы түрік әскериі сенсациялық түрде күміс жүлдегер атанды. Севала Илайда Тарханмен жұптасып, финалға дейін жетіп, Сербиядан келген қарсыластарынан жеңіліп қалды.

Олимпиада тамашалаған әлем халқы "Түркия Олимпиадаға киллерін жіберген бе?" деп әзілдеп жатыр.

@mavsyonee Yusuf Dikec is a LEGEND #2024olympics ♬ original sound - Maverick

Дегенмен ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Юсуф Дикеч - түрік жандармериясының отставкадағы офицері. Спортшы Олимпиада ойындарына 2008 жылы Бейжің Олимпиадасынан бастап қатысады.

instagram.com/tmok_olimpiyat

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның спортшылары бірге суретке түсті

КХДР мен Оңтүстік Корея спортшыларының Олимпиадада бірген түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Өйткені екі ел арасындағы шиеленіс әлем жұртына жақсы таныс. Екі ел биыл бір-бірінің шекарасына шар ұшырды. Тіпті Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қоқыс толы шар жіберді.

www.championat.com

Әйелдер арасындағы бокста трансгендерге қатысты дау шықты

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Халықаралық Олимпиада комитеті екі трансгендер спортшыға 2024 жылғы Париж Олимпиадасына әйелдер боксы бойынша 57 келіге дейінгі санатта қатысуға рұқсат берген. Бұған дейін БАҚ-та осы санатта қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова да шаршы алаңға шығатыны, осылайша жарыс алаңында трансгендермен күресуі мүмкін екені айтылды.

Ciro Fusco / ANSA / Globallookpress.com

Дегенмен бұл жайтқа италиялық боксшы Анджела Карини тап болды. Ол Париждегі Олимпиада ойындарында бұрын гендерлік сынақтан өте алмаған алжирлік Иман Хелифке қарсы жекпе-жектен бас тартты.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалдық жекпе-жекте Карини жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша Алжирден келген, жынысын ауыстырған спортшы жеңімпаз деп танылды. Италиялық спортшы шлемін лақтырып тастап, қарсыласының қолын алудан бас тартты, оған қоса жерге отырып, әділетсіздік болғанын айтып жылады.

ХОК даулы видеоларды өшіріп тастаған

Халықаралық Олимпиада комитеті Париждегі Олимпиаданың ашылу салтанатындағы ең даулы сәттердің видеосын өшіріп тастады. Бұл туралы кейбір спорттық басылымдар хабарлады.

Видеолар YouTube платформасынан да, ойындардың ресми сайтынан да жоғалып кетті. Бұған дейін Олимпиаданың ашылуындағы кейбір шоулар жұрттың наразылығын тудырды.

©Depositphotos.com/rarrarorro

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, бұл трансгендерлердің Леонардо да Винчидің "Жасырын кешкілік" жұмысына пародиясына, сондай-ақ, Мари Антуанетта патшайының басы кесілген шоуға қатысты болып отыр. 

Сондай-ақ, Олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде көк түске боялған ер адам билеп, сақалды әйел адам ән шырқаған.

Селфи жасай алмаған спортшылар телефонды лақтырып жібергісі келді

РБК Спорт мәліметінше, ерлер арасындағы жеке жарыстан Олимпиада жүлдегерлері жеңіс тұғырында ойындардың демеушісі болған Samsung телефоны қатып қалуына байланысты селфи жасай алмаған. Бельгиядан келген екі спортшы Ремко Эвенепол (алтын), Ваут ван Арт (қола), сондай-ақ, италиялық Филиппо Ганна (күміс) жүлдеге ие болған еді.

Оңтүстік Кореяда шығарылатын телефон Париждегі Олимпиада жүлдегерлеріне бірге селфи жасау үшін беріледі. Бірінші смартфонды Ваут ван Арт алды, бірақ телефон қатып қалып, жұмыс істемеді. Артынша басқа жүлдегерлер де селфи жасай алмады.

Италиялық Ганна әзіл ретінде смартфонды өзенге қарай лақтырмақ болды. Біраздан кейін спортшылар телефонды ұйымдастырушыларға қайтарып беріп, жеңіс тұғырын босатты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!