Әлеуметтік желілерде күн сайын ондаған видео тарап, Желіде танымал болады. Соның бірі – ақтөбелік жаттықтырушы мен оның шәкірті туралы видео, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 жастағы Диас Айымқұловтың парақшасында таэквондо турнирлерінің бірінде өз шәкіртін қалай қолдап, оған демеу беріп жатқаны туралы түсірілген видео жарияланды.
@aiymkulov Aiymkulov Team🎯🥇 #спорт #taekwondo #training #aiymkulov #capcutvelocity #ka #вера #родители #жизнь #sport #stitch ♬ оригинальный звук - aiymkulov
Видеоның астында жүздеген пікір жазылған. Желі қолданушылары спортшы үшін ұзақ уақыт жеңіске жете алмаса да, бапкердің қолдауы мен оған сенімі әрқашан маңызды екенін айтқан.
"Тренер әкесі сияқты", "Өте сүйкімді ролик", "Тренер жан-тәнімен жұмыс істейді" деп жазып жатыр олар.
Диас Айымқұлов TengriLife-қа берген аз-кем сұхбатында екі жылдай балаларды жаттықтырып жүргенін айтты. Видеоны Ақтөбе таэквондо федерациясында әкімші болып жұмыс істейтін Динара Меңдібай түсіріп алған екен.
"Мамандығым – жаттықтырушы, қазір Жұбанов атындағы университетте "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Видеодағы қыздың есімі - Айару, ол таэквондомен көптен бері айналысып келеді. Шәкірттерім өзіне сенімді болуы үшін оларды әрдайым қолдауға тырысамын. Оларға әрдайым келесі жолы медаль аласың деп айтып отырамын. Олардың бар өмірі әлі алда емес пе?!", - деді ол.
Болашақта жас жігіт бапкерлік қызметін жалғастырғысы келеді.
"Мен нағыз чемпиондарды және, әрине, жақсы адамдарды тәрбиелегім келеді", - деді Диас Айымқұлов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!