- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тренд – шапан...
Тренд – шапан емес, твид Chanel: Роза Рымбаеваға Меруерт Түсіпбаева құрмет көрсетті
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Қытайдан Роза Рымбаеваға арнайы сыйлық әкелді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Меруерт Түсіпбаева әріптесімен бір кезеңде өмір сүріп жатқанына қуанышты екенін айтып, сыйлығын табыстады.
"Роза Қуанышқызына сыйлық алып келдім. Осындай адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. "Не сыйласам болады, осы кісіні қалай қуантсам болады?" деп әлемді шарлап, бірнәрсе таптым. Ол кісіге жарасатынын сеземін. Бұл сіздің стиліңіз екенін білемін. Өлшемі сай келер ме екен деп те уайымдадым. Құтты болсын, сізді жақсы көремін", – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған видеода.
Роза Рымбаева әріптесінің сыйлығына риза болып, алғысын білдірді. Меруерт Түсіпбаевадан мұндай сыйлық күтпеген болса керек, аздап ыңғайсызданғанын да жасырмады.
"Құйып қойғандай екен. Шашылма дедім ғой, балаң екеуіңе жетсе болды емес пе?" – деді Роза Рымбаева.
Айта кетейік, Chanel – әлемде сән мен мәртебенің символына айналған бренд. Chanel твидті жакеттерінің бағасы қазір шамамен 5 000 еуродан бастап, кейбір эксклюзивті модельдер 10 000 еуроға дейін жетеді, яғни 2 миллионнан 5 миллион теңге аралығында.
Ал дәстүрлі қазақ шапандарының бағасы қолданылған материалдарға байланысты өзгереді. Жоғары сапалы матадан тігілген және ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен әсемделген шапандардың құны 100 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін барады.
Шапан жабу — қазақ дәстүрінде ерекше орын алатын сыйлықтың түрі және ол терең сыйластықтың белгісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, жақында Меруерт Түсіпбаеваның құдасы мен құдағиының мінезі туралы пікірі оқырмандар арасында қызу талқыға түскен болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева