Транстелекомда 4 миллиард теңгеден аса ақша ұрланған: күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Транстелекомда 4 миллиард теңгеден аса ақша ұрланған: күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Фото: Видео кадры

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Тергеу барысында күдікті компания басшысы болғанына қарамастан, адамдармен алдын ала сөз байласып, қаражатты ұрлау мақсатында мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутник және телекоммуникация жабдығын жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталған.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден аса шығын келген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Биыл наурызда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget