АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Владимир Зеленскийдің орнына "мәмілеге келе алатын" жаңа мемлекет басшысы қажет деп санайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Ақ үй басшысы бұл туралы сенбіде, 10 қазанда журналистермен болған әңгімеде мәлімдеген.
"Менің не ұсынарымды білесіз бе? Мен оларға (украиндарға – еск.) мәмілеге келе алатын жаңа көшбасшы табуды ұсынамын, өйткені ол (Зеленский – еск.) көп келісім келе алар еді, бірақ белгілі бір себептермен істемеді... Меніңше, Украинаның жаңа президент таңдайтын уақыты келді", – деді Трамп БАҚ өкіліне жауап ретінде.
Оның айтуынша, АҚШ Зеленскийге Ресеймен "ойына келгенін істеуге болатынын", бірақ мұнай өңдеу зауыттарына соққы бермеу керегін айтқан, өйткені бұл – "әлемдік мәселе". Алайда МӨЗ-дерге жасалған шабуылдар тоқтаған жоқ.
"Ол (Зеленский – еск.) әлемге проблема тудырғысы келеді. Ресей бүкіл әлем бойынша дизель отынының едәуір бөлігін жеткізіп отырғандықтан, ол дизель отынына байланысты біздің фермерлерге қиындық туғызғысы келеді... Оған мұны (МӨЗ-дерге соққы беруді – еск.) доғарғаны жөн болар еді", – деп толықтырды америкалық көшбасшы.
.@POTUS on Ukraine: "You know what I suggest? I suggest they get a new leader who could make a deal because he could've made many deals and for some reason he never does... I think it's time for Ukraine to get a new President." https://t.co/WoVG0HUazA
— Rapid Response 47 (@RapidResponse47) 10 қазан, 2026 жыл
Сонымен қатар, Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Трамптың мәлімдемесіне пікір білдіре отырып, X әлеуметтік желісінде Украина халқы Зеленскийді қолдайтынын жазды.
"Президент Зеленский елімізді соғыс кезеңінде – тәуелсіздік, бостандық пен абырой үшін жүріп жатқан соғыста басқарып отыр. Ол Украина халқының қолдауына ие және шешім қабылдауға тек халықтың құқығы бар. Шетелден жасалған мәлімдемелер оның өз жұмысын жақсы атқарып жатқанын ғана дәлелдейді. Ол қолдауға лайық", – деп атап өтті СІМ басшысы.
President @ZelenskyyUa leads our nation in a time of war — a war for independence, freedom, and dignity. He has the support of the Ukrainian people, and they have the right to decide. Statements from abroad only confirm that he is doing his job well. He deserves support.
— Andrii Sybiha 🇺🇦 (@andrii_sybiha) 10 қазан, 2026 жыл
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісімге келгенін жариялағаннан кейін, келесі күні Украина президенті Владимир Зеленскийді сынға алды.
Келісімге сәйкес, Ресей дизель отынын АҚШ пен басқа елдердің нарығына жеткізе алады. Ол үшін АҚШ Қаржы министрлігі бұған дейін санкциялар салдарынан тыйым салынған сауда операцияларына арнайы рұқсат берді. Бұл рұқсат 2027 жылғы 7 сәуірге дейін күшінде болады. Ал Ресей билігі дизель отынын экспорттауға қойылған шектеулерді мерзімінен бұрын алып тастайтынын мәлімдеді.
Axios басылымының хабарлауынша, Трамптың Ресеймен мұндай келісімге келуіне Зеленскийдің ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына шабуылдарды тоқтату туралы бірнеше өтінішін орындамауы себеп болған.
Украина президенті Ресейдің Украинадағы энергетикалық нысандарға соққы беруін тоқтатуы үшін өз елінің де ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасамауын ұсынған. Алайда Трамп екі тараптың бұл әрекеттерін бірдей деп есептемеген.
9 қазанда Зеленский АҚШ пен Ресей арасындағы дизель отыны жөніндегі келісімді сынға алып, оны Вашингтонның "соғысқа салған инвестициясы" деп атады. Сондай-ақ, ол соғысты тоқтатып, атысты доғару туралы келісімге қол жеткізу үшін АҚШ-ты Ресейге қысымды күшейтуге шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz