АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы атыстан кейін видео жариялап, қабылдау өткен қонақүйдің тексеру аймағына қарулы адам басып кірмек болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген ол әлеуметтік желілерде өзі "қатыгез қылмыскер" деп атаған күдіктінің кадрларын жариялағанын айтты.
Сонымен қатар, ол ұсталған адамның суретін жариялады.
Кейін Трамп оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, Вашингтондағы қонақүйде өтіп жатқан Корреспонденттер қауымдастығының кешкі асы кезінде қарулы ер адам бақылау-өткізу пунктіне қарай ұмтылған. Трамп бұл жағдайдың "мүлдем тосыннан" болғанын, бірақ Құпия қызмет пен құқық қорғау органдары жедел әрекет еткенін түсіндірді.
Қарулы ада оған жақындамаған және басты бал залының кіреберісінен өте алмаған.
"Оны Құпия қызметтің өте батыл қызметкерлері құрықтады және олар өте жылдам қимылдады", - деді Ақ үй басшысы.
Ақ үй басшысы офицерлердің бірі жақын қашықтан атылған оқтан жараланғанын, алайда оны оқ өткізбейтін кеудеше құтқарып қалғанын айтты.
"Мен жаңа ғана офицермен сөйлестім, оның жағдайы өте жақсы", - деді Америка лидері.
President Donald J. Trump delivers a statement following a shooter near the White House Correspondents’ Dinner. pic.twitter.com/wOr1SjdfvP
— Ақ үй (@WhiteHouse) 26 сәуір, 2026 жыл
Еске салайық, Трамп Вашингтон Хилтон қонақүйінде өткен Ақ үй жанындағы Корреспонденттер қауымдастығының кешкі асына АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысты.
БАҚ оны, бірінші ханымды және әкімшіліктің басқа да жоғары лауазымды өкілдерін эвакуациялағанын хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz