АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс төңірегіндегі жағдайды 1980 жылғы Олимпиадада АҚШ хоккей құрамасының КСРО құрамасын тосын жерден жеңген тарихи ойынымен салыстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
Бұл мәлімдемені ол Кеңес Одағының құрамасын жеңген 1980 жылғы АҚШ хоккейшілерін құрметтеу рәсімі кезінде айтты.
"Ұқсас жағдай", - деді Трамп қақтығыс туралы сөз қозғап.
Алайда ол бұл салыстыруды әрі қарай өрбітпей, соғыс қалай аяқталарын білмейтінін атап өтті.
"Не болатынын көрейік. Қазір мәміле жасауға қатысты жұмыс істеп жатырмыз. Менің ойымша, жақын арада бәрі белгілі болады", - деп түсіндірді америкалық көшбасшы.
АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша 28 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды ұсынғаннан кейін, қарқынды дипломатиялық күш-жігер жалғасып жатыр.
Сонымен қатар, Ақ үй осы аптада, егер келіссөздерді тиімсіз деп санаса, қосымша келіссөздерге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!