Трамп Тоқаевты тарихи келісіммен құттықтады

Трамп Тоқаевты тарихи келісіммен құттықтады
Фото: x.com/WhiteHouse

Мемлекет басшысының Нью-Йоркке сапары аясында америкалық Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларлық келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоба Қазақстанда 300 жаңа локомотив шығарып, оларға сервистік қызмет көрсетуді қамтиды. 

Дональд Трамп Қазақстан Президентін тарихи келісіммен құттықтады.

Айта кетейік, Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget