Трамп Тоқаевты жақсы адам деп атады

Трамп Тоқаевты жақсы адам деп атады
Фото: x.com/whitehouse

Дональд Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін мәлімдеп, сәлем жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық журналистің "Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай, Орталық Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма?" деген сауалына Дональд Трамп былай жауап қатқан:

"Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам", - дейді АҚШ президенті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yerdana Yerzhanuly (@yerdanashares)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget