Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
Фото: akorda.kz

Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдап, онда ол екі ел арасындағы әріптестіктің дамуы мен G20 саммитіндегі алдағы кездесу туралы да айтқан.

"Кейінгі бір жыл ішінде серіктестігімізді тереңдете түскенімізге қуаныштымын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін", – деп жазды Дональд Трамп жеделхатында.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездескен болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget