АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путин Украинамен соғысты тоқтату туралы келісім жасасудан бас тартып, "Ресейдің түбіне жетіп жатыр" деді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол соғысты тоқтату Путиннің өзіне пайда әкелетінін айтты.
"Мен президент Путинмен сөйлесуім керек, біз мұның бәрін анықтауға тиіспіз", - деді Трамп бірқатар бұйрыққа қол қойғаннан соң журналистермен сөйлескен кезінде.
Трамптың сөзінше, Ресей Украинадан үлкен және "олардың жоғалтатын сарбазы да көп".
"Бірақ елді бұлай басқарғаны - біртүрлі", - деді ол.
Трамп сондай-ақ жақын арада Путинмен кездеспек ниетте, бірақ мұның нақты күні әлі белгіленбегенін айтты.
Трамп үш жылға жуық уақытқа созылған соғыс туралы "Адамдардың көпшілігі соғыс бір аптада аяқталады деп ойлады. Менің ойымша, оның (Путин) бұл соғысты аяқтағаны дұрыс болар еді" деді.
Трамп Украина президенті Владимир Зеленский қақтығысты тоқтату туралы келісімге келгісі келетінін, ал Владимир Путин Украинамен соғысты тоқтату туралы келісім жасамай, "Ресейдің түбіне жетіп жатқанын" айтты.
"Зеленский мәміле жасағысы келеді. Путин мұны қалай ма, жоқ па - білмеймін. Ол мәмілеге келуі керек. Менің ойымша, ол келісім жасамай, Ресейдің түбіне жетіп жатыр", - деді Трамп.
Трамп Ресейге қатысты санкцияларды алып тастау туралы сұраққа бажды тиімдірек шара ретінде құп көретінін айтты.
Айта кетейік, Владимир Путин Трампты екінші мерзімге президент болып сайлануымен құттықтап, негізгі жаһандық мәселелерді, соның ішінде Украинадағы соғыс пен ядролық қару туралы тақырыпты талқылауға дайын екенін жеткізді.
Дональд Трамп 20 қаңтарда ұлықтау рәсімінде ант беріп, АҚШ президенті қызметіне ресми кірісті.
Трамп ресми түрде президент болды: ол ұлықтау рәсімінде не айтты?
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес