Трамп пен Путиннің келіссөзі қашан басталады?

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Аляскаға сапарының кестесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі 15 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 00:00) басталуға тиіс.

Айта кетейік, Украинадағы жағдайдан кейін 15 тамызда алғаш рет Аляскада АҚШ пен Ресей президенттері кездеспек.

Еске салайық, бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков президенттер Владимир Путин мен Дональд Трамптың Аляскадағы кездесуіне дайындық жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.

Келіссөздерге Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, Қорғаныс министрлігінің басшысы Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов қатысады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!