Трамп пен оның әйелі Вашингтондағы кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп пен оның әйелі Вашингтондағы кешкі астан шұғыл эвакуацияланды
Фото: depositphotos.com

Ақ үйдегі тілшілер қауымдастығының жыл сайынғы кешкі асы кезінде атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп, оның жұбайы Мелания және әкімшіліктің басқа да жоғары лауазымды өкілдері залдан шұғыл эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, жиналғандардың кейбірі бірнеше қатты дауыс естігенін хабарлады, бірақ оның қайдан шыққанын анықтай алмаған.

Құпия қызмет агенттері Washington Hilton қонақүйінің бал залын қоршауға алды, ал аң-таң болған журналистер, шенеуніктер мен құрметті қонақтар үстелдердің астына тығылды.

The New York Times газетінің хабарлауынша, президенттің жараланғаны туралы ешқандай хабар жоқ.

Басылым қонақтар кешкі асын іше бастағаннан кейін шамамен бес минуттан соң залдың артқы жағынан шу шыққанын жазады. Кейін қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қатарлардың арасымен президент отырған сахнаға қарай жүгірген.

Вашингтон округі бойынша АҚШ прокуроры Жанин Пирро Х әлеуметтік желісінде "оқ дауыстарынан кейін" өзін басты бал залынан біреулер алып шыққанын айтты.

"Қазір Құпия қызмет бұл ғимаратты, осы қонақүйді толық бақылауында ұстап отыр", — деді ол.

Америкалық БАҚ мәліметінше, Трамп бұл кешкі асқа АҚШ президенті ретінде алғаш рет қатысып отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget