Трамп пен әйелінің “жанжалы“ видеоға түсіп қалды

Трамп пен әйелінің “жанжалы“ видеоға түсіп қалды
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамптың тікұшақ бортында бір нәрсені қызу талқылап отырған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлар Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясынан қайтып келе жатқан сәтте түсірілген.

Бұл бейнежазбаға әлемдік БАҚ назар аударып, түрлі нұсқа ұсынды.

Daily Mail мәліметінше, "ыңғайсыз әңгіме" кезінде Трамп жұбайы Меланияға саусағын шошайтып сөйлесе, ол басын шайқап жауап берген.

People басылымы олардың әңгімесін "маңызды" деп сипаттап, тікұшақта бір-біріне қарама-қарсы отырып, қызу сөйлескенін жазды. Мелания басын шайқап, қолымен Дональдқа ишара жасаған, кейін Трамп оны бөліп, саусағын нұсқаған.

The Economic Times әңгіме Меланияның БҰҰ мінберіндегі сөзінен кейін Трампқа қол шапалақтауды "ұмытқанына" байланысты шыққан жанжал болуы мүмкін деген жорамал жасады.

Mirror басылымы да бұл сәтті "қайшылық" деп атап, Трамптың жұбайына саусағын сермегенін, ал Мелания басын шайқаумен болғанын жазды.

Nexta ресурсы да ерлі-зайыптының жанжалдасқанын атап өтіп, АҚШ президенті бірінші ханымға саусағын безегенін көрсетті. Нақты не туралы сөйлескені беймәлім, бірақ әңгіменің шиеленіскені байқалады.

Дегенмен видео аяғында Дональд пен Мелания Трамп тікұшақтан түсіп, ақыры қол ұстасып кеткені көрінеді.

Еске салайық, бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Бриджиттің оны "шапалақпен ұрғаны" түсірілген видео әлеуметтік желі мен БАҚ-та резонанс тудырған еді. Кейін Макрон ол жай әзіл болғанын түсіндіріп, бұл жағдайды БАҚ пен қолданушылар тым асыра көрсеткенін айтқан. Елисей сарайы да бейнероликтің шынайы екенін растаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget