- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тағайындау
Трамп өзін бір өлімнен аман алып қалған күзетшіні басшы етіп тағайындады

АҚШ президенті Дональд Трамп 2024 жылғы шілдеде өзіне жасалған қастандық кезінде республикашылды күзетіп тұрған Шон Карранды АҚШ Құпия қызметінің басшысы етіп тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен Шон Карранды Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметінің директоры ретінде тағайындағанымды мақтан тұтамын", - деп жазды Трамп Truth Social сайтында.
Президенттің сөзінше, Карранның құқық қорғау саласында 23 жылдық тәжірибесі бар.
"Ол өз өмірін қатерге тігіп, мені Пенсильвания штатындағы Батлердегі қанішердің оғынан құтқарып, өзінің батылдығын дәлелдеді. Мен Шонның Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметін бұрынғыдан да күштірек ететініне сенімдімін", - деп қосты АҚШ президенті.
Еске салайық, Трампқа 14 шілдеде қастандық жасалды. Пенсильванияда сөз сөйлеген кезде ер адам оған оқ жаудырған. Дональд Трамптың құлағына оқ тиді. Митингіге қатысқан бір адам қаза тапты. Оқ атқан 20 жастағы америкалық Томас Мэттью Круксты Құпия қызмет офицерлері өлтірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес