Трамп Ормуз бұғазында операция басталғанын жариялады

Трамп Ормуз бұғазында операция басталғанын жариялады
Фото: depositphotos.com

АҚШ Таяу Шығыс уақыты бойынша дүйсенбіде таңертең Ормуз бұғазынан кемелерді шығару операциясын бастайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдер АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазында бөгеліп қалған кемелерді босату туралы өтініш білдірген.

"Project Freedom ("Бостандық жобасы" - еск.) деп аталатын бұл процесс Таяу Шығыс уақыты бойынша дүйсенбіде таңертең басталады", - деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар, Дональд Трамп бұл операцияға біреулер кедергі келтірмек болса, күш қолданылатынын мәлімдеді.

"Осынау гуманитарлық процеске қандай да бір жолмен кедергі жасалса, өкінішке қарай, мәселені күшпен шешуге тура келеді", - деп жазды ол.

Айта кетейік, "Бостандық" операциясына эсминецтер, ұшақтар және 15 мың әскери қызметші жұмылдырылмақ. Операцияға Мемлекеттік департамент пен АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы жетекшілік етеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget