АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Венесуэла лидері Николас Мадуроның ұрланғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Николас Мадуро USS Iwo Jima кемесінің бортында", - деп жазылған.
Фотода Мадуро сұр түсті спорт киіммен отыр, бетінде қара бетперде бар, қолында бөтелке ұстап отыр.
Бұған байланысты CBS телеарнасының журналисі Дженнифер Джейкобс Николас Мадуро болуға тиіс әскери ұшақ сенбіде Нью-Йорк штатындағы Стюарт халықаралық әуежайына қонады деп күтелітінін хабарлады. Журналист бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазып, Венесуэла көшбасшысы АҚШ-тың федералдық билік органдарына тапсырылатынын мәлімдеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!