АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард доллар тұратын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?" деген сұрақ қойылды.
"Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – еск). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің еліңіз табиғи ресурсқа бай, Президентіңіз де өте парасатты", - деп жауап қатты АҚШ президенті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова