Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтті. Дональд Трамп өз сөзінде Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

АҚШ президенті кеңеске қатысушы елдердің басшыларын таныстыру барысында Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады.

Дональд Трамп саммитке келген мемлекеттер басшыларын бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық диалогті дамытуға елеулі үлес қосқан нағыз жаһандық ауқымдағы көшбасшылар деп атады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!