АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы рөліне үш үміткері бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өте жақсы үш үміткерім бар", - деді Дональд Трамп The New York Times басылымына берген сұхбатында.
Алайда ол үміткерлердің есімін атаудан бас тартқан.
Еске салайық, бұған дейін Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің операциясы салдарынан қаза тапты. Елде аза тұту жарияланып, демалыс күндері белгіленді.
Сонымен қатар, Әли Хаменеидің орнына уақытша басшылыққа Әлиреза Арафи тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!