• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Трамп баж салығын енгізді: СІМ жағдайға пікір білдірді

Трамп баж салығын енгізді: СІМ жағдайға пікір білдірді
Фото: ©️ instagram/whitehouse

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстанды қосқанда 185 елден импортқа баж салығын енгізу туралы шешіміне пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде БАҚ өкілдері Қуантыровтан "СІМ қазақстандық тауарларға баж салығын төмендету бойынша АҚШ үкіметімен келіссөз жүргізіп жатыр ма?" деп сұрады.

Сыртқы істер министрінің орынбасарының айтуынша, бұл мәселені Үкімет зерттеп жатыр.

"Бұл мәселені зерттеп жатырмыз, өйткені баж жуырда енгізілді. Қателеспесем 27 пайыз, сондықтан қазір Үкіметте бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді Қуантыров.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. 

Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы 34 пайыз, ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады.

Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген.

Кейінірек Қазақстанның Сауда министрлігі осы жағдайға пікір білдірді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget