АҚШ президенті Дональд Трамп ел аумағында дүниеге келген адамдарға автоматты түрде азаматтық беру тәжірибесін тоқтатуды көздейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Трамп бұл жүйені қайта қарау қажет екенін айтты.
"Меніңше, бұлай азаматтық беретін әлемдегі жалғыз ел - АҚШ. Біз мұны тоқтатамыз", - деді Ақ үй басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп туу құқығы бойынша азаматтық алу қағидатын шектеуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!