Трамп 8 шілдеде Зеленскиймен кездеспек

Трамп 8 шілдеде Зеленскиймен кездеспек
Фото: AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияда өтетін НАТО саммиті аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеспек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, келіссөздің басты тақырыбы Украинадағы соғысты тоқтатудың жолдарын іздеу болмақ. 

Трамп саммитке 7 шілдеде келіп, алдымен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездеседі. Кейін Сирия президенті Ахмед аш-Шараамен келіссөз өткізіп, баспасөз мәслихатында сөз сөйлейді.

Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен 8 шілдеде кездеседі.

Reuters дерегінше, Зеленскиймен кездесуден кейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен қайта байланысуы ықтимал.

Бұған дейін АҚШ президенті Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме шамамен 90 минутқа созылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget