"Трактордың төбесі ғана көрініп тұр". Ақмола облысында ер адам із-түссіз жоғалып кеткен

Ақмола облысында Бұланды ауданы Қараөзек ауылында суға кеткен тракторшыны іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Жоғалып кеткен ер адам түнгі 4:00 шамасында техникасымен бірге қар суы жиналған жарға түсіп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, 36 жастағы азамат суға ағып кетті.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тракторшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ер адамды іздеуге 4 техника мен 10 адам жұмылдырылған. Су жиналған жерде тек трактордың төбесі ғана көрінді. Ол түнгі 15:40 шамасында тракторға ие бола алмай, Қайрақты өзенінің жанындағы сайға батып, жоғалып кеткен.

Абзал Алпысбайұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!