Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде жол апаты болды, пойыз трактормен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан трактор жүргізушісі мерт болған.
"Трактор жүргізушісі жүріп бара жатқан пойыздың алдынан өткелге шығып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Пойыз машинисі шұғыл тежегішті басқанымен, жол апаты болды. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақаттар алып, көз жұмды", - деді ҚТЖ баспасөз қызметі өкілі.
ҚТЖ
Компания көлік жүргізушілерін теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова