Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева тойда түрлі жағдай болатынын айтып, одан трагедия жасамайтынын жеткізді. Өнер иесі бұл туралы Instagram-парақшасында мәлімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өнер адамына түрлі ерсі қылық көрсету, сүю, жабысу - қалыпты құбылыс. Өйткені халық теледидар мен сахнадан көрген әртістерді "ерекше" деп ойлайды.
"Бұрын әртістерді, Бибігүл Төлегенова сияқты жұлдыздарды, адамдар тек сахнадан, теледидардан көретін… Қазір жағдай басқа… Әртістердің бәрі тойға шығып кетті… Мені талай, тойда ән айтып тұрғанымда, әсіресе, мас адамдар қысып, жабысып сүйеді… Баяғыдан солай… Одан трагедия жасамаймын… Әртістер де қызмет көрсету саласындағы адамдар. Әр саланың, әр мамандықтың өз қиындығы бар…. Бізді көк жәшіктен көрген соң кейбір жанкүйерлер ерекше адам деп есептейді ғой.. Тойда көңіл тасып, 100 грамм ішіп алып, (тіпті ішпесе де) "тірі" әртісті көрген соң… Қайтсін енді…" - деп жазған әнші Желіде.
Еске салайық, бұған дейін Кенжебек Жанәбілов тойда шашын тартқан ер адамды итеріп жіберген болатын. Кейін әнші бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жақында Желіде тараған тойдағы келеңсіз жағдай туралы айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!