Әнші Серікбол Сайлаубек журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында көзінің көруі нашарлап, әйелімен ажырасқан сәтте қандай күйде болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Енді бұл сынақ қой. "Сондай сынақты көтере алғаннан кейін Алла Тағала маған берген шығар" деген ойдамын. Ертең ақыретте тұрған кезде мұның бәрі саналатын шығар. Мәңгі ештеңе жоқ. Мен соны түсіндім. Бір жеті соқыр болып қалған кезде мына өмір тұрақсыз, мына өмір, көзді ашып-жұмғанша жоғалтып алатыныңды жылдам екенін түсіндім. Көзі көрмейді, бірақ тірісің. Тірі өліксің ғой, былай қарасаң. Естіп жатасың, бірақ көрмейсің. Не өлі емессің, не тірі емессің. Екі ортада қалып қалдым, 5-6 күн. Мысалы, 5-6 күн қазір сіздерге өте жылдам өтіп кетеді, иә? Негізі қараңғыда 5-6 күн деген өте ұзақ уақыт екен", - деді ол.
Серікбол Сайлаубек сонымен бірге атақ пен дүние бір сәтте құнсыз болып қалатынын, сол себепті адам өзінің иманын да байытуы керек екенін айтты.
"Сол кезде түсінгенім: атағың, дүниең жоқ қой. Сол кезде адам өзінің рухымен қалады екен. Рух деген - өзіңнің ішкі жан-дүниең. Сондықтан да мына жалғанда "дүние-дүние" дей бермей, адам өзінің ішкі рухын да толтырғаны абзал. Ол үшін не керек? Ол үшін иман керек. Иманың әлсіз болса, рухың әлсіз келеді", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!