Желі қолданушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына алаңдаулы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғам қайраткері Аида Жексен Telegram-арнасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Костенко шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты әлі көңіл айтпағанына қызығушылық танытты.
"Қарағандыдағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлі де көңіл айтпағаны бір қызық. Ол тірі ме өзі?" - деді ол.
Расымен, 2 қарашадағы жағдай бойынша, Назарбаевтың ресми сайтындағы соңғы жарияланым 11 маусымда пайда болған. Сол күні ол Абай ауданындағы ірі орман өртінен орман шаруашылығы қызметкерлерінің қазасына байланысты көңіл айтқан еді.
Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналарында Ресей президенті Владимир Путиннің "қайтыс болғаны" туралы хабарламалар тараған еді. Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!