Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері донор болуға қатысты көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайтыс болғаннан кейінгі ерікті ағза донорлығының тақырыбы әлі де көпшілік алдында қызу талқыға түсіп жатыр.
Бірақ егер адам басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзіне қайтыс болғаннан кейін донор болуға шешім қабылдаса, онда ол кез келген уақытта "Электрондық үкімет" порталында немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгініп, келісім білдіре алады, бұл тіркелген жері бойынша емхана болуы мүмкін.
Сондай-ақ eDensaulyq бөлімінде eGovMobile мобилдік қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ келісіміңізді тіркей аласыз.
Өтініш бергеннен кейін сіз оны өңдеу және келісіміңізді растау туралы бірден жауап аласыз. Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісімді тіркеу туралы анықтама ала отырып, мемлекеттік қызмет нәтижелерімен бірден таныса аласыз.
Сіз келісімді немесе бас тартуды шектеусіз бере алатыныңызды айта кеткен жөн. Осылайша, адам кез-келген уақытта өз шешімін өзгерте алады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!