- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тірі кезінде ала...
"Тірі кезінде ала алмады". Біржан Хасанғалиев әкесінің орындалмаған арманын айтты
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Біржан Хасанғалиев "Менің өмірім" бағдарламасында әкесі - танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің орындалмаған арманы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізуші Біржан Хасанғалиевтен танымал композитордың орындалмаған арманы жайлы сұрайды.
Армансыз адам бол ма? Жақсы жанұя құру, жарыңды жақсы көру, бір-біріне деген махаббат, сол махаббаттан туған ұрпақ... Ұл болса, оған да қол жеткізді. Ұлымнан немере көрсем екен, оны да көрді. Ұлым өнер жолымен барса екен, оны да көрді. Халық сыйласа екен, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Жас кезінде танымал композитор, әнші болсам екен деп арманадаса, оған да жетті.
Мүмкін, бір арманы - Еңбек ері деген атақты алу болған шығар. Сол арманы болатын. Ол - оған әбден лайықты тұлға. Бірақ тірі кезінде оны ала алмады. Орындалмаған арманы сол болар", - дейді Біржан Хасанғалиев.
Еске салайық, бұған дейін Біржан Хасанғалиев әкесінің не үшін консерватория аяқтамағанын айтқан болатын.
А. Жапатова