- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тіпті үйге азық-түлік...
Тіпті үйге азық-түлік сатып ала алмай отырмыз - сотталған экс-вице министр Әбішев қазіргі жағдайы туралы айтты
Судья Ибрагим Әлкеновтің шешімімен сот орындаушысы бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке 20 миллион теңгеге шот жазып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы бұрынғы вице-министрі Олжас Әбішев Facebook-парақшасында айтты.
"Кейбірінің казиноға ақшасы жетпейді, ал кейбіреуі үйге азық-түлік сатып ала алмай отыр. Қазақстандық судья Әлкеновтің шешімімен сот орындаушысы 20 миллион теңге шот-фактура жазып берді. Сот орындаушыға хабарласып, бұл картаға жалақым түсіп отырады, жалғыз табыс көзін сол карта арқылы алатынымды айттым. Оған ол судья Ибрагим Әлкеновтің бұйрығы деп жауап берді. Міне, біздің сот осындай. Қазір тіпті үйге азық-түлік сатып ала алмай отырмыз. Әрине, қолдан келмейтін ештеңе жоқ. Әйтеуір, көршілерім ықылас танытып, қасиетті Рамазан айында жұбайым екеумізді ауызашарға шақырды", - деп жазған ол.
Еске салайық, бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.
11 қазанда Біртанов пен Әбішевке қатысты іс бойынша тергеу аяқталған еді. Мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Шекеновтің сөзінше, мемлекетке 1 миллиард 548 миллион 136 мың теңге немесе 4 миллион 177 мың доллар көлемінде залал келтірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек