Жамбыл облысы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскеріндегі ең бойшаң әскери қызметші Николай Белоусов мерзімді қызметін аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Оның бойы екі метр болады. Николай былтыр ШҚО-дан мерзімді қызметке келген. Алғашында оған бәрі таңғала қараған, бірақ уақыт өте келе барлығы үйренген.
"Мектепте оқып жүргенде де, колледжде де, жұмыста да ең ұзыны болдым. Шынымды айтсам, өзімнен ұзын адамды ешқашан көрген емеспін. Бойымды мақтан тұтамын, бұл менің ерекшелігім деп ойлаймын. Мені көпшіліктен аздап ерекшелендіреді. Иә, көбі таңғалады, кейде тіпті суретке түсуді сұрайды", - деді қатардағы жауынгер.
Николайдың айтуынша, әскери қызмет еткен жылы байқалмай өткен. Әскерден кейін ол Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына "көлік авиациясының әуе құралдарын пайдалану" мамандығы бойынша түсуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!