- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тіпті сөйлей алмай...
"Тіпті сөйлей алмай қаламын". Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суретін түсіндірді
Бокстан әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон мүгедектер арбасында отырған суреті туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.
Аты аңызға айналған "Темір" Майк Тайсон жақында жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Олар 56 жастағы бокс иконасы мүгедектер арбасында отырғанын байқап қалған.
Дереккөздің айтуынша, кезінде белгілі боксшы "жарамдылық мерзімі" туралы ашық айтқан.
"Әрине, бәріміз бір күні өлеміз. Айнаға қарап, бетімдегі кішкентай дақтарды көргенде, өзіме айтатынмын:" Уау. Бұл менің жарамдылық мерзімім аяқталып барады дегенді білдіреді, бәрі жақындап қалды", - дейді Тайсон.
Жақында ол NewsMax TV-ге шығып, арбада отырғаны түсірілген кадрларды түсіндірді.
"Ишиас дендеп барады, мәселе сонда. Ол басталғанда, мен тіпті сөйлей алмай қаламын! Құдайға шүкір, бұл - денсаулығымдағы жалғыз мәселе. Қазір мен кереметпін. Менің өмірімде бәрі тамаша және біз қолымызда барға ризамыз", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Майк Тайсонның Майами әуежайында мүгедектер арбасында отырғаны түсірілген кадрлар жарияланған еді.
Former heavyweight boxing champion Mike Tyson’s health failing him and says his ‘expiration date may come really soon’
— Zedbugs (@Zedbugs1) August 17, 2022
Mike Tyson is pictured in a wheelchair at Miami Airport, raising new fears for his health amid problems with sciatica. pic.twitter.com/ITHHAwfJQK
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан